Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімін беру ұсынылды

Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімін беру ұсынылды

Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімін беру ұсынылды
ашық дереккөзі
«Орал» халықаралық әуежайына Кеңес одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру ұсынылды. ҚазАқпараттың жазуынша, бұл ұсыныс Nur Otan партиясы облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесі және облыстық мәслихат депутаттарынан түскен. БҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы міндетін атқарушы Света Ғаниева бұл мәселе бүгін облыстық мәслихаттың 7-сессиясында қаралып, депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапқанын айтады. Тиісті шешім қабылданған. «Енді ұсыныс ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданатын болады», - деді С.Ғаниева.