«Кальмар ойыны» сериалын кәмелетке толмағандар көрмеуі керек – Білім министрлігі

«Кальмар ойыны» сериалын кәмелетке толмағандар көрмеуі керек – Білім министрлігі

«Кальмар ойыны» сериалын кәмелетке толмағандар көрмеуі керек – Білім министрлігі
ашық дереккөзі
ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова көптеген ата-ананы алаңдатқан оңтүстіккореялық «Кальмар ойыны» сериалы туралы пікір білдірді, – деп жазды ҚазАқпарат. «Фильм Қазақстанда түсірілмеген. Фильмде белгілі бір шектеулер бар, ол 18 жастан асқан ересектерге арналған. Сондықтан, ең алдымен ата-аналар осы фактіге назар аударуы қажет. Екіншіден, ата-аналар да, мектепте де тәрбиелік шаралар аясында балаларға пайдалы ақпаратты теріс ақпараттан ажырату дағдыларын үйретуі керек. Әрине, балалар психикасы енді-енді қалыптасу кезеңінде. Сондықтан кез келген ақпаратты үйде – ата-аналар, мектепте педагогтар бақылауы керек», - деп жауап берді вице-министр. Оның айтуынша, биылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында жаһандық құзыреттілік курсы енгізіліп жатыр. Бұл курс балалардың сыни ойлауын, эмоционалды интеллектісін дамытады, ақпаратты ажырата білуге үйретеді, оны дұрыс таңдайды. Ш. Қаринова мектептер өзінің тәрбиелік функциясы аясында сериалға қатысты шектеулерге назар аударуы керектігін айтты.