Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жастар көпір аркасына шығып суретке түспек болған

ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда жастар көпір аркасына шығып суретке түспек болған

Елордада жастар ерекше фото үшін көпірдің аркасына шығып кеткен. Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды Нұр-сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі. "Полицияға Нұр-Сұлтандағы Қабанбай батыр даңғылы бойында орналасқан көпірдің аркасына белгісіз үш адам шыққаны туралы қоңырау келіп түсті. Тәртіп сақшылары тәртіп бұзғандарды полицияға жеткізді. Олар 18 және 19 жастағы жастар екені анықталды, - деп хабарлады полиция департаментінен. Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Полиция департаменті мұндай фотосессиялар қайғылы оқиғаға ұласуы мүмкін екенін ескертеді.