Жаңалықтар

Павлодарда «Алаш» көшбасшылары бейнеленген мурал пайда болды

Павлодарда студенттер үйінің қабырғасында «Алаш» қозғалысының көшбасшылары бейнеленген мурал пайда болды. 

Павлодар қалалық әкімдігінің айтуынша, мурал авторы – жас суретші Лаура Сейтқазинова. Ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тақырыбындағы «Стрит Art» үздік эскиз байқауында 29 жасқа толмаған суретшілер арасында жеңімпаз атанған.

Павлодар педагогикалық университетінің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Ольга Андрющенко мурал бейнелейтін орын ретінде студенттер үйінің ғимаратын таңдағаны үшін қала әкімдігіне алғыс айтты.

«Алаш» сыйлығының иегері, ақын, қоғам қайраткері, Павлодар қаласының құрметті азаматы Арман Қани Керекуде ашылған муралдың – өнер туындысы ғана емес, саяси идеологиялық мәні зор көрнекі құрал екенін атап өтті.

Back to top button