Ұлттық банк төрағасы инфляция деңгейі төмендейтінін айтты

Ұлттық банк төрағасы инфляция деңгейі төмендейтінін айтты

Ұлттық банк төрағасы инфляция деңгейі төмендейтінін айтты
ашық дереккөзі
Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Ұлттық банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған саясатты жалғастыратынын айтты, – деп жазды ҚазАқпарат. «Ұлттық банк экономикадағы сұраныстың өсуіне жауап ретінде дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізу аясында шілдеде және қыркүйекте базалық ставканы 9%-дан 9,5%-ға дейін екі рет көтерді. Сұраныс тарапынан инфляцияға қарсы қысым биылғы 8 айда тұтыну тауарлары импортының 24%-ға өсуімен расталады. Осы жағдайларда Ұлттық банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған саясатты жалғастырады», - деді Е. Досаев. Оның пайымынша, Үкіметтің және әкімдіктердің Инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асыруы биылғы инфляцияны тежеуге және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылы 4-6% нысаналы дәлізіне кіруге мүмкіндік береді. 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, инфляцияның бұдан кейін төмендеуі және 2023-2024 жылдары 4-5% және 2025-2026 жылдары 3-4% деңгейінде тұрақтануы болады. «Бұл үшін Үкіметтің қазіргі жедел шараларымен қатар, экономиканы одан әрі әртараптандыру және оның импортқа тәуелділігін төмендету бойынша жүйелі жұмысын жандандыру маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдан бастап енгізілетін контрциклдық бюджет қағидасы мемлекеттік шығыстардың өсу қарқынын шектеуге мүмкіндік береді, сол арқылы мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз етеді және инфляциялық қысымды төмендетеді», - деді ҰБ басшысы.