Қаржы алаяқтары бір жылда қазақстандықтарды 417 млрд теңге шығынға ұшыратты

Қаржы алаяқтары бір жылда қазақстандықтарды 417 млрд теңге шығынға ұшыратты

Қаржы алаяқтары бір жылда қазақстандықтарды 417 млрд теңге шығынға ұшыратты
ашық дереккөзі
2020 жылғы наурыз бен 2021 жылғы сәуір аралығында алаяқтар мен қаржы пирамидалары қазақстандықтарды 417 млрд теңге шығынға ұшыратқан. Мұндай деректерді Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет келтірген. Осы мәселе бойынша өткен айда бір топ Мәжіліс депутаты Бас прокуратураға сауал жолдаған болатын. ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов депутаттар сауалына жауап жолдады. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің дерегі бойынша «алаяқтық» және «қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету» баптарымен қатысы бар 41 307 құқық бұзушылық тіркелген. Осы істер бойынша зардап шеккендердің жалпы саны 40 833 адамға жеткен. ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов сауалға берген жауабында бұл іспен қазір Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жанынан құрылған арнайы комиссия айналысатынын айтады. «Қаржы пирамидаларын анықтау және жолын кесу, материалдарын құқық қорғау органдарына беру үшін Бас прокуратураның бастамасымен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жанынан (Ұлттық банк, АФМ, Қаржымині, АҚДМ, ІІМ-мен бірлесіп) ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды», – деп жазды Ғизат Нұрдәулетов. Бас прокурор өз жауабында ведомствоаралық жұмыс тобының аясында мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл және қаржылық пирамида белгілері бар ұйымдардың қызметін тоқтата тұру шараларды қабылдау тетігі әзірленген. Сондай-ақ, интернет-ресурстар бұғатталып, БАҚ-та түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Бұл жұмыстар 12 қаржы пирамидасын ерте бастан анықтап, бірден қызметін тоқтатуға мүмкіндік берді. Аталған нысан иелерінің үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаржы пирамидаларына және заңсыз қаржы операцияларына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда. Бас прокуратура осы сауалды назарға ала отырып, заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту бойынша одан әрі бірлескен жұмысқа дайын», – деп жазды бас прокурор.