Президент АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады

Президент АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады

Президент АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске Қазақстан төрағалық еткен бірінші жылының қорытындыcы туралы мәлімет берілді, - деп хабарлады Ақорда. Сонымен қатар Хатшылықтың қазіргі қызметіндегі басым бағыттардың бірі ретінде форумның институционалдық дамуына қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды. Осы ретте, АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай Мемлекет басшысына Ақылмандар кеңесін құруға және АӨСШК-тің Талдау орталықтарының форумын тұрақты жұмыс істейтін консультативтік алаң ретінде қайта құруға қатысты бастамаларының іске асырылуы туралы мәлімет берді. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа АӨСШК аясында Азия аумағындағы сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған 50-ге жуық іс-шара өткізілгені туралы айтылды. Бұдан бөлек, Қайрат Сарыбай Мемлекет басшысына Кеңестің сыртқы саяси ведомство басшыларының жуырда болған кездесуінің негізгі қорытындылары мен 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін АӨСШК-тің VI Саммитіне дайындық жұмыстары туралы баяндады. Қазақстан Президенті жоғары деңгейдегі алдағы жиынға тиянақты дайындалудың, соның ішінде маңызды мәселелер мен ұйымдастыру жұмысын пысықтаудың маңызды екеніне баса мән берді.