Коронавируспен күрес: ШҚО-да дәрігерлер заңсыз үстемақы алған

Коронавируспен күрес: ШҚО-да дәрігерлер заңсыз үстемақы алған

Коронавируспен күрес: ШҚО-да дәрігерлер заңсыз үстемақы алған
ашық дереккөзі
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбет өңірде коронавируспен күрескендерге берілетін үстемеақыны кейбір дәрігерлердің заңсыз алғаны анықталғанын мәлімдеді. «Бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Шар қалалық ауруханасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, олар COVID-19 инфекциясымен күрескендерге берілетін үстемеақыны аурухана қызметкерлеріне негізсіз тағайындаған. Осының салдарынан мемлекетке 1,5 миллион теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірілді», - деді ол. Осыған орай облыстық денсаулық сақтау басқармасына құзыретіндегі медициналық ұйымдарды есепке алу, жалақы және коронавируспен күрескен қызметкерлерге берілетін үстемеақылар бойынша тексеру жоспарын бекіту ұсынылды. Егер қандай да бір заңбұзушылық анықталса, тиісті материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі.