Коронавирус: БҚО-дағы шекарада карантин талаптары күшейтілді

Коронавирус: БҚО-дағы шекарада карантин талаптары күшейтілді

Коронавирус: БҚО-дағы шекарада карантин талаптары күшейтілді
ашық дереккөзі
Ресейде коронавирустың өршуіне байланысты Батыс Қазақстан облысындағы шекарада санитарлық-карантиндік талаптар күшейтілді. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев айтуынша, соңғы тәулікте Ресейдің 85 өңірінде 34 325 науқас тіркелген. Соның ішінде Батыс Қазақстанмен шектесетін Самара облысында - 915, Волгоградта - 382, Орынборда - 399, Саратовта 408 адамнан коронавирус анықталды. «Күні бүгін індетке тосқауыл қою мақсатында шекарадағы 4 карантиндік-санитарлық бекетте 12 эпидемиолог тәулік бойы жұмыс істеуде», - деді М.Арыспаев. Оның сөзінше, 1 қазаннан бері анықтамасыз өткен 673 жолаушының біреуінен індет табылды. Халықаралық жүк тасымалымен айналысатын 1 946 жүргізуші анықтамасыз өткен. Соның екеуі коронавирус жұқтырған болып шықты.