Елімізде жыл басынан бері 23 мыңға жуық алтын құйма сатылған - Ұлттық банк

Елімізде жыл басынан бері 23 мыңға жуық алтын құйма сатылған - Ұлттық банк

Елімізде жыл басынан бері 23 мыңға жуық алтын құйма сатылған - Ұлттық банк
ашық дереккөзі
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 822,9 кг өлшенген 22 837 құйма сатылды. Қыркүйек айында өткен 2 578 құйманың жалпы салмағы – 108,3 кг, – деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі Ұлттық банк 2017 жылы халық үшін тазартылған алтын құймаларын сату және сатып алу бағдарламасын  іске қосқан болатын. Бағдарлама іске қосылғаннан бері жалпы салмағы 2,4 тонна болатын 65 416 алтын құйма сатылды. Алтын құймалардың бес түрі сатылады: 5,10,20,50 және 100 г салмақтағы құймалар. Сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа иесі – 10 грамдық құйма. Оның жалпы сатылым көлеміндегі үлесі - 29% немесе 18 672 дана. Одан кейін халық көп сұрайтыны – салмағы 100 грамдық құйма. Бағдарлама басталғаннан бері 15 001 дана (23%) сатылды, кейін 20 граммдық құймадан – 12 750 дана (19%), 5 граммдық құймадан – 10 933 дана (17%), 50 граммдық құймадан 8 000 (12%) дана сатылды. Көбіне алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларының тұрғындары арасында сұранысқа ие. Жалпы, алтын құймалар инвестицияның сенімді құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы жоғары сатылымды қамтамасыз ететін басты факторлардың бірі – екінші деңгейлі банктер мен банктік емес ұйымдар тұтынушыға ақшаны тапсырған күні төлеп, алтын құйманы кері сатып ала алады.