Тергеу жүргізілуде: Ақтөбеде 13 жастағы қыз 20-қабаттан секіріп кетті

Тергеу жүргізілуде: Ақтөбеде 13 жастағы қыз 20-қабаттан секіріп кетті

Тергеу жүргізілуде: Ақтөбеде 13 жастағы қыз 20-қабаттан секіріп кетті
ашық дереккөзі
Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсады. Ол 25 қабатты үйдің 20-қабатынан секіріп кетті. ҚазАқпараттың жазуынша, қайғылы оқиға кеше сағат 18.45-те Ақтөбе қаласында тіркелді. Сол кезде қала тұрғыны полиция бөліміне хабарласып, 11-шағын ауданындағы № 112 «В» үйінің кіреберісінде кәмелет жасына толмаған қыздың жатқанын айтқан. Полиция жасағы аталған үйдің кіреберісінен 2008 жылы туған жеткіншектің денесін тапты. Ол 25 қабатты үйдің 20-қабатындағы кіреберістің балконынан секіріп кеткен. «Кәмелетке толмаған қыз жедел жәрдем келгенге дейін алған жарақаты салдарынан қаза болды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Қазір Қылмыстық кодекстің «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.