Президенттік жастар кадр резерві: ІІІ кезеңнің қорытындысы жарияланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің үшінші кезеңінің қорытындысын жариялады, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Қазіргі уақытта іріктеудің үш кезеңі өтті. Олар – құжаттарды қабылдау, вербалды және сандық тестілеу және оларды верификациялау, ситуациялық тапсырмаларды шешу», – деді ол.

Оның айтуынша, ситуациялық тапсырмаларды шешу – бұл үміткерлердің ситуациялық тапсырмалар түрінде жасалған нақты проблемаларды шешуге көзқарасын бағалау.

«Бұл кезең 12 қазаннан бастап 17 қазанға дейін өткізілді. Ситуациялық тапсырмаларды шешуге 514 адам жіберілді. Үшінші кезеңнің қорытындысы бойынша 4-кезеңге 235 үміткер өтті, бұл кезең 25 қазанда басталады», – деп мәлімдеді Марат Дәуешов.

Төртінші кезең 2 блоктан тұратын құзыреттерді бағалау кезеңі: ассессмент орталық және құзыреттер бойынша сұхбат жүргізіледі. Ассессмент-орталық мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы үміткерлердің стратегиялық ойлау, проактивті, қызметті басқару, команда көшбасшылығы, сендіре білу сияқты құзыреттерін анықтауға және бағалауға бағытталған. Бұл блок оффлайн форматта өткізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button