Президенттік жастар кадр резерві: ІІІ кезеңнің қорытындысы жарияланды

Президенттік жастар кадр резерві: ІІІ кезеңнің қорытындысы жарияланды

Президенттік жастар кадр резерві: ІІІ кезеңнің қорытындысы жарияланды
ашық дереккөзі
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің үшінші кезеңінің қорытындысын жариялады, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. «Қазіргі уақытта іріктеудің үш кезеңі өтті. Олар - құжаттарды қабылдау, вербалды және сандық тестілеу және оларды верификациялау, ситуациялық тапсырмаларды шешу», – деді ол. Оның айтуынша, ситуациялық тапсырмаларды шешу – бұл үміткерлердің ситуациялық тапсырмалар түрінде жасалған нақты проблемаларды шешуге көзқарасын бағалау. «Бұл кезең 12 қазаннан бастап 17 қазанға дейін өткізілді. Ситуациялық тапсырмаларды шешуге 514 адам жіберілді. Үшінші кезеңнің қорытындысы бойынша 4-кезеңге 235 үміткер өтті, бұл кезең 25 қазанда басталады», – деп мәлімдеді Марат Дәуешов. Төртінші кезең 2 блоктан тұратын құзыреттерді бағалау кезеңі: ассессмент орталық және құзыреттер бойынша сұхбат жүргізіледі. Ассессмент-орталық мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы үміткерлердің стратегиялық ойлау, проактивті, қызметті басқару, команда көшбасшылығы, сендіре білу сияқты құзыреттерін анықтауға және бағалауға бағытталған. Бұл блок оффлайн форматта өткізіледі.