Жанармай бекетінде төбелес шығарғандардың кім екені анықталды - Полиция департаменті

Жанармай бекетінде төбелес шығарғандардың кім екені анықталды - Полиция департаменті

Жанармай бекетінде төбелес шығарғандардың кім екені анықталды - Полиция департаменті
ашық дереккөзі
Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің бірінде бір топ жастың төбелесінің видеосы желіде пайда болды. Қалалық полиция департаменті осы оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтады, - деп жазды ҚазАқпарат. Желіге шыққан видео астындағы постта «Каршеринг» машинасындағы жастар у-шу шығарды» деп жазылған. Посттың авторы кадр сыртында оқиғаның Сейфуллин көшесіндегі жанармай құю бекеттерінің бірінде болғанын айтады. Бұл оқиға бойынша Алматы қалалық Полиция департаментінде ресми мәлімдеме жасады. «Аталған фактіні Жетісу аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Жанжалға қатысушылар анықталып, жауапқа тартылатын болады», - деп жауап берді қалалық полиция департаменті.