Өскеменде оқушы қыз сабаққа бармау үшін ата-анасына арыз түсірген

Өскеменде оқушы қыз сабаққа бармау үшін ата-анасына арыз түсірген

Өскеменде оқушы қыз сабаққа бармау үшін ата-анасына арыз түсірген
ашық дереккөзі
Өскемен қаласында 12 жастағы оқушы сабаққа бармау үшін ата-анасының үстінен жалған арыз түсірген. Қалалық Полиция басқармасының мәліметінше, 18 қазанда «102» жедел арнасына шұғыл қызмет психологы 12 жасар қыздың хабарласқаны туралы айтқан. 12 жастағы мектеп оқушысы ата-анасының өзін және әпкесін ұрып-соғатыны туралы жеткізген. «Бұл фактіге қатысты полиция қызметкерлері тексеру жүргізді. Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған бала мектепке бармау үшін осы оқиғаны ойлап тапқан. Жеткіншектің анасы оны қосымша сабақтарға жазған, ал оқушы қыз оған қатысқысы келмеген», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар баламен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізді.