Елімізде коронавирус жұқтыру қарқыны бәсеңдеді

19 қазан, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Елімізде коронавирус жұқтыру қарқыны бәсеңдеді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, елімізде соңғы екі аптада коронавирус жұқтыру деңгейі 17 пайызға төмендеген.

"Қазір жасыл аймақта 6 өңір бар: Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе облыстары және Шымкент қаласы. 5 өңір сары аймақта", - деді ол. Қызыл аймақта 6 өңір (Нұр-сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) тұр.