__Маңызды

Ауылдарды дамытуға 100 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев жобаны жүзеге асыру жоспарын бөлісті.

Министрдің мәлімдемесінде 2019-2020 жылдары қолданыстағы бағдарламалық құжаттар шеңберінде барлық көздер есебінен ауылдық жерлерде жалпы сомасы 618 млрд теңгеге 12 мыңнан астам жоба іске асырылатыны айтылған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 5,2 мың км инженерлік желілерді жаңғырту бойынша 1225 жоба іске асырылды. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту саласында 2 218 жоба жүзеге асырылды. 1 213 мектеп пен балабақша, 234 фельдшерлік пункт, амбулаториялар мен емханалар, 596 клуб, мәдениет үйлері мен кітапханалар, 175 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен спорт залдары cалынды және жөнделді. Көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 8 580 жобаны іске асыру нәтижесінде 9 мың км кент ішіндегі жолдар жаңғыртылды, – деп жазылған баяндамада.

Сондай-ақ биыл іске асырылып жатқан бағдарламалар шеңберінде 566 млрд. теңгеге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты,әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 6,5 мың жоба іске асырылып жатыр.

Нәтижесінде 2,5 мың км инженерлік желілер және 5 мың км кент ішіндегі жолдар жаңғыртылатын болады. 632 мектеп пен балабақша, 70 денсаулық сақтау нысаны, 300 мәдениет үйі, клубтар мен кітапханалар, 96 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен спорт залдары салынатын және жөнделетін болады, – дейді министр.

 

Back to top button