__МаңыздыЖаңалықтар

20 қазаннан бастап карантин шектеулері жеңілдетіледі

Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой Үкімет отырысында 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин ережелері жеңілдейтінін мәлімдеді.

«2021 жылғы 20 қазаннан бастап мынадай шараларға рұқсат беру туралы шешім қабылданды: Келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі», – деді ведомство басшысы.

Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмыс уақыты «жасыл аймақта» сағат 03-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары – сағат 05-00-ге дейін, «сары аймақта» сағат 01-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары – сағат 03-00-ге дейін ұзартылады», – деді министр.

Back to top button