Қаржы пирамидасына алданып 200 млн теңгесінен айырылған жігіт өз-өзіне қол жұмсады

Қаржы пирамидасына алданып 200 млн теңгесінен айырылған жігіт өз-өзіне қол жұмсады

Қаржы пирамидасына алданып 200 млн теңгесінен айырылған жігіт өз-өзіне қол жұмсады
ашық дереккөзі

Қаржы пирамидасына алданып 200 миллион теңгесінен айырылған Шымкент тұрғыны өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл жолы алаяқтар автосалон сатушысы ретінде арзан көлік алып береміз деп алдаған. Бірақ ақшаны алып, іс-түссіз жоғалған, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Компанияға шағымданушылардың бірі Ильин Демьянның айтуынша, алаяқтарға алданған Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғыны өз-өзіне қол салған. Ақшасын да,  көлікті де күте алмаған көрінеді.  Ол төмен бағада көлік сатып алып, қайта сату үшін аталған компанияға 200 миллионнан астам қаржы салған. Кәсіп жасамақ болған жігіт қомақты ақшаны жақындарынан, банктерден жинап алған. Оған уәде етілген көліктерді компания 1 жарым жыл бойы "әне береміз, міне береміз" деп созбақтаған. Ақыр соңы алданғанын түсінген азамат өз өзіне қол салды дейді.
"Біз оның анасымен байланысқа шықтық. Оның да қолында келісімшарт болған. Компания басшысы ешнәрсе істей алмайсың деп шығарып салған. Ақыр соңы жігіт өз өзіне қол жұмсады", -дейді Шымкент қаласының тұрғыны Демьян Ильин.
Жәбірленушілердің айтуынша, компания Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жұмыс істеген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
"Пирамиданы ұйымдастырушылар алданған клиенттерден бірнеше жүз миллион теңге алған. Зардап шеккендердің саны 150 адамнан асты", - деп түсініктеме берді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.