Жаңалықтар

Елорда көшелеріндегі автотұрақтар ақылы болады

Нұр-Сұлтан қаласының бірқатар көшесінде ақылы көлік тұрақтары ашылуға әзір.  Бұл жөнінде «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС-нің басшысы Шыңғыс Досыбаев айтты. Ол мұндай ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесінің отырысында мәлімдеді.

«Мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында 10 мың ақылы тұрақты ашуды жоспарлаған едік. Бүгінде оның 487-сі Нұржол желек жолында ашуға дайын тұр. Мұнан бөлек, Сарыарқа ауданының Бөгенбай батыр, Республика даңғылдарында, жағалау мен Сарыарқа даңғылында да қосымша орындар іске қосуға дайын», – деді ол.

Алматы ауданында ақылы тұрақтар Тәуелсіздік даңғылында, Мұңайтасов, Жұмабаев, Момышұлы көшелерінде ашылады.

«Ал Байқоңыр ауданында «Астаналық», «Шапағат», «Әсем» базарлары ауданында ғана ашуға дайынбыз. Сол жағалауда Сығанақ, Сарайшық, Мәңгілік ел, Тұран көшелерін қарастырып отырмыз. Жалпы, аталған аудандардағы жаңа ақылы тұрақ орындары – 5 мың. Нұржол жиек жолында жұмыс істеп тұрған 500 орынды қоссақ, ақылы тұрақтардың саны 5 500 жетеді», – деді Шыңғыс Досыбаев.

Back to top button