Жаңалықтар

Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар жанжалдасып, біреуі қаза тапты

Кореяда екі Қазақстан азаматы жанжалдасып, біреуі көз жұмды, деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«2021 жылғы 12 қазанда Чонджу қаласында (Корея Республикасы) Қазақстарнның екі азаматы арасында болған тұрмыстық жанжалдың салдарынан біреуі пышақ жарақатын алып, соңынан қайтыс болды. Қазіргі уақытта кісі өлтірді деген күдікті Қазақстан азаматы тұтқындалып, тергеу изоляторына қамалды. Сеулдегі ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі марқұмның денесін Қазақстанға жіберу мәселесін шешіп жатыр», – деп мәлім етті Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, бұл азаматтар Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген.

Back to top button