Жаңалықтар

Қызылордада қоқыстан шала туған нәрестенің денесі табылды

Қызылорда облысында қоқыс контейнері жанынан шала туған баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін, 18 қыркүйекте Қармақшы ауданына қарасты Төретам кенті Жанқожа батыр көшесіндегі № 27 көпқабатты үйдің ауласында орналасқан қоқыс жинайтын контейнер маңында болған.

«Сол аумақтан дала сыпыратын жұмысшы қоқыс жинап жатқанда шала туған баланың денесін көрген. Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы (жаңа туған баланы анасының өлтiруi) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл іс ҚР Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірінғай тізіліміне тіркелді. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», – деп мәлім етті ҚР Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі.

Back to top button