__Маңызды

Ауыл шаруашылығы министрі ет бағасына қатысты болжам айтты

Ауыл шаруашылығы министрі ет бағасына қатысты болжам айтты, деп хабарлайды informburo.kz.

Келесі көктемде ет тапшылығы болмайды, бірақ баға аздап өседі, деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

«Тапшылық болмайды, өйткені бізде мал басының саны артып келеді. Мысалы, ірі қара мал 3,6%-ға өсті. Бізде нарықта ет жеткілікті мөлшерде болатынына күмән жоқ. Алайда, бағаның шамалы өсуі мүмкін», – деді Қарашөкеев.

Министр сондай-ақ ет, жемістер, көкөністер, қант, дәнді дақылдар, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеуді қоса алғанда, ірі инвестициялық жобалар айналасында 7 экожүйенің қалыптасқаны туралы хабарлады.

«Басым экспорттық саясатпен қатар, импортты алмастыру мәселелері кешенді түрде шешілетін болады. Министрлік құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, алма, қант және балық сияқты ең импортталатын позицияларды анықтады», – деді министр.

Back to top button