Шымкентте қоқыс контейнерінен жаңа туған баланың мәйіті салынған пакет табылды (видео)

Шымкентте қоқыс контейнерінен жаңа туған баланың мәйіті салынған пакет табылды (видео)

Шымкентте қоқыс контейнерінен жаңа туған баланың мәйіті салынған пакет табылды (видео)
ашық дереккөзі

Шымкентте қоқыс контейнерінен жаңа туған баланың мәйіті салынған пакет табылды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Рысқұлов көшесіндегі жан түршігерлік оқиға туралы хабарлама полицияға 18 қазанда келіп түсті. Оқиға орнына келгеннен кейін тергеу-жедел тобы ішінде жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғанын анықтады. Пакетті коммуналдық қызмет қызметкерлері қоқыс контейнерлерін  тазалап жатқанда тапқан.
"Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 100 - бабы ("Жаңа туған баланы анасының өлтіруі") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.
Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында жария етуге жатпайды.