Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, 6 адам қаза болды

Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, 6 адам қаза болды

Түркістан облысында екі көлік соқтығысып,  6 адам қаза болды
ашық дереккөзі

Түркістан облысында полиция екі жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан 6 адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр, – деп жазды ҚазАқпарат.

Түркістан облыының Полиция департаментінің мәліметінше, 16 қазан күні сағат 19:14 шамасында Шардара аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне жол апаты туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы шықты. Полицейлер облыстық маңызы бар Жетісай-Шардара автожолының 172-шақырымында «Opel Vectra» автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып, «Audi-100» автокөлігімен соқтығысқанын анықтады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында екі жеңіл көліктің жүргізушілері мен 4 жолаушы қаза тапты, олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. 6 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Аталған жайт ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі «Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол жүрісі және көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша Шардара аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеумен Түркістан облысы ПД анықтаушылары айналысуда. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталатын болады.