Қостанай тұрғыны ішінде миллион теңгесі бар сөмкесін автобуста қалдырып кеткен

Қостанай тұрғыны ішінде миллион теңгесі бар сөмкесін автобуста қалдырып кеткен

Қостанай тұрғыны ішінде миллион теңгесі бар сөмкесін автобуста қалдырып кеткен
ашық дереккөзі
Қостанайдың патрульдік полиция қызметкерлері ауыл тұрғынының сөмкесін қайтарып берді, – деп хабарлады Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қостанай ауданы Алтын дала ауылының тұрғыны облыс орталығында жүріп, автобуста ішінде миллион теңгесі бар сөмкесін қалдырып кеткен. «Бағдат Ахметов пен Медет Қойшығұлов 16 қазан күні сол ауданда қызметте болған. Қайырбеков-Қорған қиылысында «КАМАЗ» автокөлігінің жүргізушісі Кенжебек Кәдиев олардан көмек сұраған. Ер адам әйелінің хабарласып, ішінде ақша бар сөмкені автобуста қалдырып кеткенін айтып берген. Сөмкені қалдырып кеткенін әйел тек үйіне қайтар жолда ғана байқаған. Ол полицейлерге маршрут нөмірін айтты. Бірнеше минуттың ішінде полицейлер автобус жүргізушісін анықтап, соңғы аялдамаға дейін жеткен. Жүргізуші сөмкені ер адамға тапсырды», - деп түсіндірді ведомстводан. Кенжебек Кәдиев тәртіп сақшыларына жылдам көрсетілген көмек үшін алғыс айтты.