Теннис: Елена Рыбакина жұптық рейтингіде бірден 47 саты жоғары көтерілді

Теннис: Елена Рыбакина жұптық рейтингіде бірден 47 саты жоғары көтерілді

Теннис: Елена Рыбакина жұптық рейтингіде бірден 47 саты жоғары көтерілді
ашық дереккөзі
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жариялады. Қазақстан теннис федерациясы мәлімнтінше, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жекелей рейтингіде 16-дан 17-орынға сырғыды. Юлия Путинцева да 43-тен 44-ке жайғасты. Есесіне Зарина Дияс 108-ден 104-орынға көтеріліп, үздік жүздікке жақындап келеді. Өткен аптада жұптық сында ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге Индиан-Уэллс турнирінің финалына дейін жеткен Елена Рыбакина бірден 47 саты жоғарылап, қазір 48-орында тұр. Анна Данилина да 84-тен 81-ге көтерілді.