Жаңалықтар

Теннис: Елена Рыбакина жұптық рейтингіде бірден 47 саты жоғары көтерілді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жариялады.

Қазақстан теннис федерациясы мәлімнтінше, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жекелей рейтингіде 16-дан 17-орынға сырғыды. Юлия Путинцева да 43-тен 44-ке жайғасты.

Есесіне Зарина Дияс 108-ден 104-орынға көтеріліп, үздік жүздікке жақындап келеді.

Өткен аптада жұптық сында ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге Индиан-Уэллс турнирінің финалына дейін жеткен Елена Рыбакина бірден 47 саты жоғарылап, қазір 48-орында тұр.

Анна Данилина да 84-тен 81-ге көтерілді.

Back to top button