Циркте қойылым кезінде аю жүкті әйелді тарпа бас салды (видео)

Циркте қойылым кезінде аю жүкті әйелді тарпа бас салды (видео)

Циркте қойылым кезінде аю жүкті әйелді тарпа бас салды (видео)
ашық дереккөзі
Ресейдің Орел қаласының циркінде қойылым кезінде аю жануарларды үйретуші әйелге тап берді. «Орловский меридиан» газетінің жазуынша, жануарды үйретуші әйел жүкті болған. Қазір ол ауруханаға жатқызылды. Циркте болған оқыс оқиғаны көрермендердің бірі видеоға түсіріп алған. Бейнекөріністен қойылым кезінде әйелді тарпа бас салған аюды цирк қызметкерлері тыныштандырып, әйелді арашалап  алмақ болған. Алайда жануар оған біразға дейін көнбеген. Видео авторы сахна мен көрермендер отырған залдың арасы қоршалмағанын жазды. «Аю көрермендерге қарай шығып кетсе, қайғылы жағдай орын алуы әбден мүмкін еді» дейді ол. https://www.youtube.com/watch?v=zA2j1D5xcnw&t=4s