"Қазақстан темір жолы" компаниясы ұялы телефон ұрлаған жолсерікке қатысты пікір білдірді

"Қазақстан темір жолы" компаниясы ұялы телефон ұрлаған жолсерікке қатысты пікір білдірді

"Қазақстан темір жолы" компаниясы ұялы телефон ұрлаған жолсерікке қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы пойызда жолаушының ұялы телефонын ұрлаған жолсерікке қатысты пікір білдірді.  "БАҚ пен әлеуметтік желілерде ұялы телефонды ұрлаған жолсерік туралы ақпарат пайда болды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі бұл оқиғаның «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға қатысы жоқ екенін хабарлайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын  жүзеге асыратын 10-нан астам теміржол компаниясы бар екенін БАҚ пен жұртшылық назарына жеткіземіз. БАҚ өкілдерінен ресми орналастыру алдында ақпаратты нақтылауды және қайта тексеруді сұраймыз" делінген "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаменті таратқан хабарламада.