Жаңалықтар

Қазақстанда қай өңірдің тұрғындары несиені көп алады және қайсы банктен

ашық дереккөзі

Қазақстанда қай өңірдің тұрғындары несиені көп алады және қайсы банктен

Биыл Қазақстанда тұтынушылық несие алушылар саны өскен. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлім етті. «Ағымдағы жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша тұтынушылық қарыздар 2020 жылмен салыстырғанда едәуір жеделдеп (2020 жылы тұтынушылық қарыздар 4,3%-ға ұлғайды), 5,4 трлн теңгеге дейін 23,8%-ға немесе экономикаға кредиттердің 33%-на (жыл басында 30%) ұлғайды. Осы көрсеткіштің өсуі ағымдағы жылы ЖІӨ мен халық табысының номиналды өсімінен едәуір асып түседі, бұл тұтынушылық кредит беру нарығындағы тәуекелдердің артуын растайды», - делінген агенттік хабарламасында. Ағымдағы жылдың басынан бастап жаңадан берілген тұтынушылық қарыздардың 88%-ын 3 банк: «Kaspi Bank» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ қамтамасыз етті. Ал мемлекеттік кредиттік бюроның деректері бойынша қарыз алушылардың көпшілігінде, яғни 72%-да, кредиттер бойынша берешегі борышының орташа сомасы 1 млн теңгеге дейін орташа алғанда 339,2 мың теңге болады Тұтынушылық кредиттер бойынша қарыз алушылардың негізгі үлесі еліміздің ірі қалалары – Алматыда (24,1%), Нұр-Сұлтанда (9%), Шымкентте (7%) шоғырланған.