Жаңалықтар

Дәрігер денсаулықты күтіп, ұзақ өмір сүрудің бес факторын атады

Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық терапия және профилактикалық медицина ғылыми орталығының директоры Оксана Драпкина денсаулықты сақтап сонымен қатар ұзақ өмір сүруге көмектесетін бес факторды атады, деп хабарлайды ktk.kz сайты.

Оксана Драпкинаның айтуынша, ол үшін: шылым шегуден аулақ болу, тамақты көп тұздамау, алкогольді ішімдіктен бас тарту,  көп жаяу жүріп және жеміс-жидекті барынша көп жеу керек.

«Салауатты өмір салтын ұстану индексі шығарылды. Осы көрсеткішті ұстанатын адамдар арасында өлім деңгейі 36% төмен. Көптеген факторлардың ішінде бесеуі ерекшеленеді. Біріншісі – темекі тартпау, екіншісі – жаяу жүру, үшіншісі – тағамды көп тұздамау, төртіншісі – жеміс пен жидектерді көбірек жеу. Және бесіншісі – әрине алкогольден аулақ болу», – деді Драпкина үшінші Еуразиялық әйелдер форумында.

Дәрігер әйелдер өлімінің жалпы себептерін де атап өтті.

«Егер біз әйелдердің денсаулығы туралы айтатын болсақ, онда бұл өлім себептері деген сөз. Яғни, әйелдер көбінесе жүрек-қан тамырлары ауруларынан көз жұмады. Ал жалпы онкологиялық пулдағы аурулар статистикалық есептер бойынша екіншісі немесе үшінші орынды алады», – деп түйіндеді Драпкина.

Back to top button