Жаңалықтар

Танымал мультфильм балаларға қауіпті деп танылды

Бала тәрбиесі бойынша кеңесші Софи Гайлс «Peppa Pig» мультфильмін балалар мен жасөспірімдердің психикасы үшін қауіпті деп санайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Sun сайтына сілтеме жасап.

Сарапшы кішкентай шошқа туралы анимациялық серияны көру арқылы балалар бұзық болады деп санайды. Бұл мультфильмде балалар әкесімен өктем үнмен қарым-қатынас жасайды. Кішкентай балалар бұлай сөйлеу дұрыс деп санап, ата-анасымен дәл осылай қарым-қатынас жасауы мүмкін.

«Мультфильмде әкесін үнемі келеке етеді, себебі бәрі оны ақымақ санайды. Ол бұл жағдайға күледі, бірақ бұл – ересек адам үшін жағымсыз жағдай», – дейді Джайлс.

«Сонымен қатар, ата-аналар баласы қалаған нәрсені жасайды, бұл өмірдегі шынайы көрініске ұқсамайды. Балалардан бірнәрсе сұраған сайын күйгелек болады. Балаңыздың мұндай мінез-құлық танытқанын қаламайтын шығарсыз», – деді ол.

Психолог басқа мультфильмдерді де сынға алды. «Paw Patrol», «Little Princess» және «Fireman Sam» секілді мультфильмдер балаларға оң әсер бермейтінін айтты.

Маман ата-аналарға бірнеше эпизодты өздері қарап, бағалауға кеңес берді. Оның пікірінше, ересектер содан кейін баланың мінез-құлқына теріс әсер ететініне көз жеткізе алады.

2019 жылы америкалық ойыншықтар шығаратын Hasbro компаниясы бағасы 4 миллиард доллар болатын келісім жасағаны туралы хабарланды. Бұл ақшаға ол канадалық Entertainment One компаниясынан «Peppa Pig» мультфильмінің құқығын сатып алғысы келген.

Back to top button