Бас редакторлар клубы мен «Отандастар қоры» арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасалды

Бас редакторлар клубы мен «Отандастар қоры» арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасалды

Бас редакторлар клубы мен «Отандастар қоры» арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасалды
ашық дереккөзі
Республикалық Бас редакторлар клубы мен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі уағдаластық жасалды. Бұл туралы клубтың президенті Бибігүл Жексенбай хабарлады. Басқосуға клуб президенті Бибігүл Жексенбай, вице-президенттері, «Әділет» газетінің бас редакторы Мұратбек Тоқтағазин мен «Түркістан» халықаралық газетінің бас  редакторы Қуат Әуесбай, «Егемен Қазақстан» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, клуб мүшесі Ерболат Қамен, «Білімді ел» газетінің бас редакторы Ләззат Түркістанова және «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов, белгілі журналист Зейін Әліпбек, сондай-ақ қордың қоғаммен байланыс бөлімінің мамандары қатысты.  width= Мағауия Сарбасов «Отандастар қорының»  атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы міндет-мақсаттарына кеңінен тоқталды. Елбасымыздың бастамасымен Қазақстанның Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарынан-ақ, арнайы Жарлық бойынша милионнан аса қандастарымыз елге оралды. «Келер жылы Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының 30 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Осыған орай, бірқатар маңызды шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр,- деді Мағауия Сарбасов.
«Отандастар қоры мен Бас редакторлар клубының арасында қол қойылған Ынтымақтастық Меморандумына сәйкес, әлемнің әр түкпірінде қандастарымыздың күшімен жұмыс істеп жатқан Бұқаралық ақпарат құралдарымен тереңірек байланыс орнату, халықаралық қазақ тілді Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің ассоциациясын құру, шетелдегі қазақ тілді журналистер арасында арнайы байқау жариялап, номинациялар белгілеу, еліміздің өңірлік ақпарат құралдары, соның ішінде тарихи отанына оралған бауырларымыз көп қоныстанған аудандарда жергілікті басылым беттерінде қандастарымызға қажетті құқықтық, ақпараттық қолдау көрсету, онлайн тренингтер ұйымдастыру,, шетелдегі қазақ тілді ақпарат құралдардың жетекшілері мен еліміздің бас редакторлары арасында өзара тәжірибе алмасуды ұйымдастыру тағы басқа шаралар жоспарланып отыр» дейді Клуб президенті Бибігүл Жексенбай.