Келесі жылдан бастап коронавирусқа қарсы шетелдік вакцина ақылы болады - министр

Келесі жылдан бастап коронавирусқа қарсы шетелдік вакцина ақылы болады - министр

Келесі жылдан бастап коронавирусқа қарсы шетелдік вакцина ақылы болады - министр
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда шығарылмайтын коронавирусқа қарсы вакциналар болашақта ақылы түрде салынатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте тілшілер ревакцинация кезінде қолданылатын вакциналар туралы сұрады. "Сіз Facebook-та ревакцинацияға қатысты ұсыныс жасадыңыз. Оған сәйкес, 2022 жылдан бастап Қазақстанда өндірілген вакциналар қолданылады. Сонда келесі жылы қазақстандықтарға ревакцинация және жоспарлы вакциналау үшін тек QazVac пен Спутник V ғана қолжетімді бола ма?" – деді журналистер. "Біздің пайымымыз бойынша, Қазақстанның өзге елдерге қарайламай, тиімділігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген өз вакцинасын шығара алатын мүмкіндігі бар болғандықтан, отандық екпені ғана кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында сатып алуға болады. Оның өзінде қалған вакциналар тұмау сияқты аурулардың екпесі секілді коммерциялық айналымға жіберіледі. Біз қазір өндіруші компанияларды нарыққа кіріп, қызметін ұсынуға үгіттеп жатырмыз", – деді министр. Ведомство басшысы Қазақстанда тіркелген вакциналарды шектеу жоспарланбағанын айта келіп, бұл шетелдік вакцина түрлерін азаматтар өз қаражаты есебінен ғана қолданатынын түсіндірді.