Жаңалықтар

Алматы-Қапшағай тасжолында болған ірі жол апатының видеосы тарады

Алматы – Қапшағай тасжолында Lada Granta жүргізушісінің кесірінен ірі жол апаты болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Апаттың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Алматы облысы полициясының мәліметінше, апат таңғы сағат 8-де оңтүстік бағыттағы Алматы – Өскемен жолының 19-шақырымында болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Lada Granta автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі маневр жасап жатқанда көлігін тізгіннен шығарып алған», – дейді құқық қорғау органдары өкілі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция әкімшілік іс қозғап, Lada Granta айып тұрағына қойылды.

Back to top button