Алматы хайуанаттар бағында Чапман зебрасы құлындады

Алматы хайуанаттар бағында Чапман зебрасы құлындады

Алматы хайуанаттар бағында Чапман зебрасы құлындады
ашық дереккөзі
Алматы зообағында зебра құлындады, деп хабарлады ҚазАқпарат. Чапман зебрасы жұбында төртінші ала құлын өмірге келді. Аталық зебра – Ричард 21 жаста. Ол Алматы зообағына бір жасында Бойницадан әкелінді. Оның жұбы – Чапа Копенгагеннен. Қазір ол 13 жаста. Чапман зебралары Африканың оңтүстігінде кездеседі – Ангола, Ботсвана, Зимбабве, Намибия және Оңтүстік Африка Республикасында. Бұл жануар қорғау мен қамқорлықты қажет ететін болғандықтан қызыл кітапқа енген. Аналық зебраның жүктілігі 370-390 күнге созылады. Көбіне бір, кейде екі құлын туады. Әдетте, жаңа туған құлын 10-15 минуттан кейін аяғынан тік тұрып, жүріп кетеді. «Біздің кішкентай зебрамыздың буыны қатайып, өсіп келеді. Енді оған ерекше ат қойғымыз келеді. Өз нұсқаларыңызды айтып, ұсыныстарыңызды парақшамызға жазыңыздар»,-деп хабарлады зообақтан. Алтын күз келді. Хайуанаттар бағының әр тұрғыны жылдың осы мезгілін ерекше сезінеді. Оңтүстік астанада ауа райы әлі жылы болғандықтан, хайуанаттар бағының кейбір тұрғындары күнге қыздырынып жатқанды жақсы көреді. Мысалы, кенгуру күн сәулесі жақсы түсетін жерде жатады, аз қозғалуға тырысады. Зебра, жираф, піл, арыстанда да соның қатарында. Зообақтағы құстар мен тиін де алдағы қыс мезгіліне дайындалуда. Тиіндер қысқы көректерін індеріне тасып жатыр.