Парламент депутатын Ұлыбританияда пышақтап өлтірді
Парламент депутатын Ұлыбританияда пышақтап өлтірді
Ұлыбритания парламентінің депутатын 25 жастағы жігіт пышақтап тастады. Оқиға Ли-он-си қаласындағы шіркеуде болған.
Алға жарақатынан қайтыс болған саясаткер Дэфид Эмесс онда сайлаушылармен кездесуге келген екен. Оған бірнеше жерден пышақ сұққан. Қаскөй – Сомали тумасы. Британия азаматтығын алған. Тергеушілер бұл қылмысты лаңкестік әрекет деп бағалады. «Би-Би-Си»-дің хабарлауынша, Дэвид Эмесстің бес баласы бар, 40 жылдай қатардағы қызметкер болып жұмыс істеген екен. Кейінгі жылдары Консервативті партияның белді мүшесі болған. Ол елге жасанды түсік жасатуға үнемі қарсы тұрған және жануарларға жанашыр ретінде белгілі.