Ақтөбеде мектепте сабақ өтіп жатқанда улау жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың зәресі ұшты (видео)

Ақтөбеде мектепте сабақ өтіп жатқанда улау жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың зәресі ұшты (видео)

Ақтөбеде мектепте сабақ өтіп жатқанда улау жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың зәресі ұшты (видео)
ашық дереккөзі
Ақтөбедегі №9 мектеп-гимназияда құрт-құмырысқаларды улау жұмыстары сабақ үстінде жүргізілген. Білім ордасының ғимаратын аяқ астынан қою бу тұмшалаған соң оқушылар мен мұғалімдер далаға лап беріпті. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнетаспада балалардың зәре-құты қашқаны көрініп тұр. Көпшіліктің наразылығын тудырған мәселе жоспарлы дезинфекциялау жұмысы болып шықты. Мектептің жертөлесін санитар мамандар арнайы препаратпен улауға кіріскен. Алайда олар бұл уақытта екінші ауысымдағы 5 пен 7-сынып оқушыларының бар екенін ескермеген. Қалалық білім бөлімінің өкілдері ата-аналарға жәндіктерді жоюға арналған дәрі-дәрмектің адам ағзасына ешқандай залалы жоқ деп сендірді. Дегенмен, демалыс күндерін күтпеген мектеп басшылығына сөгіс жариялаған. «Мектептің басшылығына мына оқу процесі кезінде оқу апталығында жасалынғаны үшін қатаң сөгіс берілді қалалық білім бөлімінің тарапынан. Және де қазіргі таңда ешқандай медициналық көмекке мұқтаж болып немесе бір наразылық білдіріп жатқан ата-аналар, баланың денсаулығына зиян келтірді деген ақпарат жоқ. Сабақ бүгін қалыпты жағдайда өтуде» дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Меткүл Қосымбаева.