Елорда тұрғындары екі миллионға жетуі мүмкін

Елорда тұрғындары екі миллионға жетуі мүмкін

Елорда тұрғындары екі миллионға жетуі мүмкін
ашық дереккөзі
Қазір елорданы дамытудың Бас жоспарына түзетулер енгізіліп, пысықталып жатыр.   Бұл жөнінде елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді. «Қала тұрғындарының саны жыл сайын артып келеді, яғни жылда 55-60 мың қосылады. Егер 2010 жылы 650 мыңға жуық тұрғын болса, былтырғы және биылғы көрсеткіштер бойынша 1 млн 200 мың адам. 2010 жылы Бас жоспарды қабылдаған кезде 2030 жылы жетеміз деген жоспар болған. Ал оны біз 10 жыл бұрын жетіп қойдық», –  деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі. Әкімнің айтуына қарағанда бас қала тұрғындары болашақта 2 миллионға жетуі мүмкін. «Біз қазір Бас жоспарға түзетулерді ескеріп отырмыз. 2030 жылы тұрғындар саны 2 млн-ға жетіп қалады деген есептеулер бар», – деді Алтай Көлгінов.