Қаза тапқандар бар: Ауғанстанда мешіт маңында жарылыс болды

Қаза тапқандар бар: Ауғанстанда мешіт маңында жарылыс болды

Қаза тапқандар бар: Ауғанстанда мешіт маңында жарылыс болды
ашық дереккөзі

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар қаласының ең үлкен шиит мешіті маңында жарылыс болып, жеті адам қаза тапты.

Бұл туралы Deutsche Welle сайтына хабарлады. Басылым мәліметінше, жарылыс жұма намазы кезінде қала орталығындағы Имам барах мешітінде болған, әдетте бұл мешітке көп адам жиналады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында қаза тапқандар көп. ІІМ өкілі Кари Саид Хосте билік жарылысты тергеуді бастағанын айтты.