Елордада жаңа инфекциялық аурухана салынады

Елордада жаңа инфекциялық аурухана салынады

Елордада жаңа инфекциялық аурухана салынады
ашық дереккөзі

Елорда әкімі Алтай Көлгінов 2022 жылы жаңа инфекциялық аурухана салынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ковидпен күрес аясында 16 стационар жұмылдырылған еді. Бірінші қалалық аурухананы коронавируспен күреске тарттық, сондай-ақ үшінші қалалық аурухананы, теміржол ауруханасы, барлық госпитальдер қамтылды. Қазіргі кезде індеттің таралу деңгейі төмендеді, алайда келесі толқын қашан болатынын кім біледі?!» - деп тоқталды А. Көлгінов елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында.
Осы орайда ол қалаға тағы бір инфекциялық стационар керек екенін айтты. «КВИ-мен және басқа да инфекциялармен күрес бойынша бізге жаңа стационар керек болып тұр. Бізде тиісті тапсырма бар, қазір осы мәселе тұрғысында жұмыс істеп жатырмыз, жобалау-сметалық құжатнама әзірленіп жатыр. Дәрігерлер мен науқастарға қолайлы жағдай жасау үшін онда тиісті нысандар ескеріледі», - деді қала әкімі. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылы елордада ескі үйлердегі тұрғындардың мәселесі шешіледі.