Табысынан шығыны артық шенеуніктер тексеріледі

Табысынан шығыны артық шенеуніктер тексеріледі

Табысынан шығыны артық шенеуніктер тексеріледі
ашық дереккөзі

Елімізде негізсіз байыған шенеуніктер жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.

Биыл Президенттің тапсырмасы бойынша біздің агенттік 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту тұжырымдамасын әзірлеуде. Бұл жұмысқа азаматтық қоғам өкілдері белсене қатысты. Онда революциялық жаңалықтардың бірі-негізсіз байыту үшін жауапкершілікті енгізу. Қазір заң жобасын Парламентке енгіздік. Шығыстың кірістен асып кетуі тексеруді, тіпті тергеуді бастау керек екенін білдіретін дабыл, - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Марат Ахметжанов.
Ол 2018 жылы Қазақстан шоттар туралы ақпарат алмасу туралы келісімге қол қойғанын қосты. Бұл келісім шетелде активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуге ынталандыру жоспарланып отыр.