Жаңалықтар

Қыркүйектен бері Ауғанстанға 75 мың тонна ұн мен астық сатылған

Ауыл шаруашылығы министрлігі ұн мен астық импорты қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп жазады «КазахЗерно.kz».

Еліміз жыл сайын астық эквивалентінде 7-8 миллион тонна астық пен ұн экспорттайды.

Қазақстан аумағында жұмыс істейтін 300 ұн экспорттаушының 183-і оны әртүрлі мемлекеттерге, 49-ы тек Ауғанстанға жөнелтеді.

Ауғанстанда билік ауысқанда серіктес елдермен сауда операциялары тоқтап қалған. Қазір бұл проблемалар шешілді: транзакциялар үшінші елдердің банктері арқылы жүзеге асырылады.

Бір ай ішінде қазақстандық экспорттаушылар Ауғанстанға 60,2 мың тонна ұн мен 15,6 мың тонна астық жөнелткен. Болашақта жеткізу көлемі артпақ.

Back to top button