Демалыс күндері ауа райы жылы болады - Қазгидромет

Демалыс күндері ауа райы жылы болады - Қазгидромет

Демалыс күндері ауа райы жылы болады - Қазгидромет
ашық дереккөзі
Қазгидромет 16-18 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялайды. «Қазақстан аумағына антициклон әсер етуі жалғасады. Республиканың барлық аумағында құрғақ, жылы күн райы сақталады. Еліміздің тек батыс бөлігінде циклон әсерінен жаңбыр жаууы мүмкін. Батыс және оңтүстік бөлігінде жел күшейіп, шаңды дауыл болады. Республиканың батыс, солтүстік-батыс бөлігінде күндіз ауаның температурасы 12-22 градус жылы болса, солтүстік, шығыс және орталығында 13-20 градусқа дейін, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста 13-23 градусқа дейін көтеріледі», - делінген хабарламада.