Бурабайда алғаш рет сілеусін фототұзаққа түсіп қалды

Бурабайда алғаш рет сілеусін фототұзаққа түсіп қалды

Бурабайда алғаш рет сілеусін фототұзаққа түсіп қалды
ашық дереккөзі
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында сілеусін фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы парктің желідегі парақшасында ақпарат жарияланды. Бұл өңірде сілеусіннің фототұзаққа түсіп қалуы алғаш рет тіркеліп отыр. Аң өте сақ, сондықтан оны жасырын камерамен суретке түсіру өте қиын. «Сілеусін-мысықтар отрядына жатанын ең әдемі аң, ол ешқашан адамға бірінші болып шабуыл жасамайды. Сілеусін жүргенде немесе секіріп қарғығанда артқы аяқтары алдыңғы аяқтарының ізін басады», – деп жазылған хабарламада.