Теннис: Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты
Теннис: Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің финалына шықты, – деп жазды Sports.kz.
Е.Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге жартылай финалда украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен кездесті.
Қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды. Матч барысында Рыбакина мен Кудерметова 3 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыластары 8 брейк-пойнттың үшеуін өз есептеріне жазды.
Е.Рыбакина мен В.Кудерметова финалда доданың екінші ракеткалары, тайбэйлік Се Шувэй – бельгиялық Элиза Мертенспен бас жүлдені сарапқа салады.
Қазақстандық теннисші жұптық сында осындай деңгейдегі жарыста алғаш рет финалға шығып отыр.