ESPN рейтингі: Головкин мен Әлімханұлы үздік ондыққа кірді

ESPN рейтингі: Головкин мен Әлімханұлы үздік ондыққа кірді

ESPN рейтингі: Головкин мен Әлімханұлы үздік ондыққа кірді
ашық дереккөзі
ESPN телеарнасының сайты барлық салмақ санатындағы боксшылардың рейтингін жариялады, – деп жазды Sports.kz Орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің екінші орнын, ал Жәнібек Әлімханұлы сегізінші орнын сақтап қалды. Бұрынғыша рейтингіде WBC титулының иегері АҚШ боксшысы Джермалл Чарло көш бастап тұр. ESPN нұсқасы бойынша орта салмақтағы үздік ондық төмендегідей: 1 (1). Джермалл Чарло (АҚШ) 2 (2). Геннадий Головкин (Қазақстан) 3 (3). Деметриус Андраде (АҚШ) 4 (4). Риота Мурата (Жапония) 5 (5). Хайме Мунгия (Мексика) 6 (6). Сергей Деревянченко (Украина) 7 (7). Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания) 8 (8). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) 9 (-). Эрисланди Лара (Куба) 10 (9). Эскива Фалькао (Бразилия).