ҚазҰУ-да жаңалық көп
ҚазҰУ-да жаңалық көп
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде соңғы кезде көптеген жаңалық-өзгерістер жүз беруде. Осыған орай ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Ж.Қ.Түймебаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді.
Журналистер алдымен қалашық аумағын аралап, күрделі жөндеуден өткізілген оқу ғимараттары мен жатақханаларда болып, мәдени-әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Кездесу барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев оқу орнының даму бағдарламасы, кампусты жаңғырту жоспары және атқарылған жұмыстар туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.