«Алматы аруы – 2021» байқауының жеңімпазы анықталды

«Алматы аруы – 2021» байқауының жеңімпазы анықталды

«Алматы аруы – 2021» байқауының жеңімпазы анықталды
ашық дереккөзі
«Алматы аруы-2021» атағын 26 жастағы студент Азиза Тоқашева иеленді. Байқау жеңімпазы атанған Азиза Тоқашева Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің магистратурасында оқиды. Мамандығы - менеджмент-маркетинг. Азиза бала күнінен бимен айналысады. Сонымен қатар, әлеуметтік және қайырымдылық жобаларға белсенді қатысады. Азиза Тоқашева халықаралық жарыстарға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Ол Филиппинде өткен Miss Intercontinental 2018 сұлулық байқауында Қазақстанның атынан шықты. Өзбекстанда өткен Miss Union Fashion-2019 IV халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. Айта кетейік, биыл алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн өтіп жатыр. Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, «Қазақстан Аруы – 2013» иегері Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.